Жаңалықтар

Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады

Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады
Фото: gov.kz 22.04.2023 14:23 712

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысы кейбір көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жол жүру бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды, - делінген хабарламада.

Дәлірек айтсақ, 22-26 сәуір аралығында Р.Қошқарбаев көшесінің қиылысы - Әл-Фараби даңғылы тұрғын үй алабы Железнодорожный оң жақ шығыс бағытындағы, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан Р.Қошқарбаев бағытындағы көтерілісі уақытша жабылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға