Жаңалықтар

Астанада инватаксилер көбейді

Астанада инватаксилер көбейді
Фото: Астана қаласының әкімдігі 28.05.2024 13:28 540

Астанада инватакси саны артты. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қалада инватакси санының 30 бірлікке артқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, биыл инватакси саны 30 бірлікке көбейді. Мәселен, былтыр 117 көлік болса, қазір 145 көлік бар.

Астанада инватаксилер көбейді

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Инватаксидегі маңызды мәселе – мүгедектігі бар жандарды кресло-арбамен тасымалдауға арналған мамандандырылған машиналар санын арттыру. Мұндай арнайы машиналардың саны 26-ға дейін өсті. Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаевпен осындай арнайы машиналардың артықшылықтарымен таныстым, – деп жазды елорда әкімі.

Оның айтуынша, жалпы, соңғы екі жылда инватакси саны 2 есеге жуық артты. Инватакси мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер береді, олардың әлеуметтік интеграциясына және өмір сүру сапасына, қозғалу еркіндігін жақсартуға әсер етеді. Жаңа техника көрсетілетін қызметтердің жылдамдығын, үйлесімділігін және тиімділігін арттырады.

Сол сияқты оңалту орталықтарының желісін, қалалық ортаның қолжетімділігін, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторий-курорттық емдеуді және т.б. кеңейту бойынша жұмыс істейміз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға