Жаңалықтар

Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді

Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді
Фото: gov.kz 12.04.2025 10:07 247

Астанада 2025 жылдың  16–17 сәуір күндері II Орталық Азия медиафорумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.

Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді. Оларға арнап  Euronews, CNN, Яндекс және басқа да жетекші ұйымдар мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар медиафорум аясында Орталық Азия елдері ақпарат министрлерінің (уәкілетті тұлғаларының) кездесуі жоспарланған.

Медиафорумға қатысу үшін https://camf.kz/ сайтына кіріп, тіркеуден өту қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға