Астанада I Халықаралық психологтар форумы өтіп жатыр
Астанада «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» I Халықаралық психологтар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шара қабілеттер мен дарындылық психологиясы саласының зерттеушілері мен тәжірибелі мамандардың басын біріктіріп, балалар мен жастардың әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Астана қаласындағы Назарбаев орталығында өткен іс-шара қатысушыларға пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер және форсайт-сессиялар арқылы эксперименттік психологиялық зерттеулердің әдістемелері, перспективалары және нәтижелерімен алмасу үшін көптеген мүмкіндік берді.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан форум психологтардың тәжірибе алмасып, білімін жетілдіру үшін ұйымдастырылып отырғанын айтты.
Халықаралық сарапшылар мен отандық психологтардың қатысуымен форум өтіп жатыр. Форум балалардың тұлға ретінде дамып, кез келген сын-қатерге қарсы тұра алатындай етіп тәрбиелеуді мақсат тұтып отыр, - деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, психолог маманы үшін кәсібилік аса маңызды.
Өзін психолог деп таныстыратын адамдар көбейіп кетті. Бірақ кәсіби көзқарастың жөні бөлек. Әсіресе балалар психологтары үшін, - дейді ол.
Сондай-ақ Еділ Оспан технология мен жаһандану балалардың психо-эмоционалдық дамуына өзгеріс алып келгенін айтты.
Интернеттің ашықтығы балаларымызға оң ықпалымен қатар теріс жағынан да әсер етуде. Балалар арасындағы құқық бұзушылық фактілері бар, - деді вице-министр.
Ол форум қоғамдағы балаларға қатысты өткір проблемаларды бүкпесіз талқылап, ұсыныс әзірлеуді мақсат тұтып отырғанын айтты.
Әлеуметтік жағынан осал топтағы балаларды есепке алып, психологпен жұмыс істеуді ұйымдастырып отырмыз. Бұл есепке алудың ешқандай құқықтық салдары жоқ, - деді ол.
Сонымен қатар форумда дөңгелек үстелдер мен форсайт-сессияларға арналған алаң ұсынылды, онда білім беру жүйесіндегі балалардың қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи тенденциялары, инклюзивті орта жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың қабілеттері мен дарындылығын дамыту жолдары, қабілеттері мен дарындылығын дамытудағы инновациялық тәжірибе, диагностиканың заманауи психотехнологиялары және психикалық денсаулықты нығайту тақырыптары қаралып, дарындылық белгілері бар балалар мен жастардың денсаулығы талқыланды.
Сондай-ақ балалардың әл-ауқаты Ұлттың адами капиталын дамытудың негізі ретінде қарастырылды.
Қазіргі студенттер тәуелсіз және өте қабілетті. Олар технологияны және жаһандық, мәдениетаралық қарым-қатынасты жақсы біледі. Сонымен қатар зерттеулер олардың алдыңғы ұрпақпен салыстырғанда осал екенін көрсетеді.
Мысалы, Маккензи денсаулық институтының 2022 жылғы зерттеуі жаңа ұрпақтың аға буынға қарағанда өмірге деген жағымсыз көзқарасы, эмоционалдық және әлеуметтік әл-ауқатының төмен деңгейі бар екенін көрсетеді.
Қазіргі оқушылар тәуелсіз және өте қабілетті. Олар технологияны және жаһандық, мәдениетаралық қарым-қатынасты жақсы біледі. Сонымен қатар зерттеулер олардың алдыңғы буынмен салыстырғанда стреске төзімді емес екенін көрсетеді. Мысалы, Маккензи денсаулық институтының 2022 жылғы зерттеуі жаңа ұрпақтың аға буынға қарағанда өмірге деген жағымсыз көзқарасы, эмоционалдық және әлеуметтік әл-ауқатының төмен деңгейі бар екенін көрсетті, - деді ол.
Балалар психологиясы және таланттар мен дарындылықты дамыту саласындағы жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен өткен Crunch-сессиялар форум бағдарламасын толықтырып, қатысушыларға нақты мәселелерді талқылауға және осы саладағы инновациялық шешімдерді табуға мүмкіндік берді.