Астанада I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті
![Астанада I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті Астанада I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті](/storage/storage/element/2023/07/08/mainphoto/58537/1200xauto_9eORJzyvAR0S8UpzbQ1mliICqpgC6ibfAP36Lh9h.jpg)
Әлихан Смайылов «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Барыс Арена» мұз сарайында өткен шараға жеті мыңнан астам көрермен жиналды. Онда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.
Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған "Япырай" лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)