Жаңалықтар

Астанада Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады

Астанада Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 28.06.2024 13:51 361

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 28-30 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға