Жаңалықтар

Астанада хостел қызметкері қонақтың бөлмесіне ұрлыққа түскен

Астанада хостел қызметкері қонақтың бөлмесіне ұрлыққа түскен
Фото: instagram.com/police__astana 04.11.2024 05:17 571

Астанада хостелдердің бірінің әкімшісі қонақтың алтын алқасын үптеп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, жәбірленуші әйел елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелде тоқтаған. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкесін қалдырып, өзі шаруаларымен шығып кеткен екен. Осы кезде хостел әкімшісі қонақтың жоқтығын пайдаланып, қосалқы кілт арқылы бөлмеге кірген. Сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын алқаны ұрлап кеткен.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Ол ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға