Жаңалықтар

Астанада хоккейден Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтті

Астанада хоккейден Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтті
Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі 04.02.2024 20:51 712

Астанада "Тарлан" мұз сарайында қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған шайбалы хоккейден турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Турнирге QUTQARUSHI, BI HOCKEY TEAM, BAUERLAR және ORDA хоккей командалары сынға түсті. 

Турнирдің салтанатты ашылуына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов және депутаттар тобы, Асқар Забикулиннің жақындары, жары мен балалары, елордалық ТЖД басшылығы мен ардагерлері қатысты.

Екі күндік турнирдің жеңімпазы Bauerlar командасы, екінші орынды Qutqarushi командасы, ал үшінші орынды BI hockey team жеңіп алды.

Қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндіруші, біздің заманымыздың батыры Асқар Забикулинді еске алуға арналған алдағы турнир бұрын волейболдан және өрт-құтқару спортынан өткен болатын. Қаңтар айында Асқар Забикулин 30 жасқа толар еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға