Жаңалықтар

Астанада гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтті

Астанада гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтті
Фото: Дене шынықтыру және спорт комитеті 27.02.2023 13:42 1145

Жылдың басты бәсекесінде жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер өзара мықтыны анықтауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт комитеті мәлімдеді.

Сәйкесіншке, қатысушылардың жалы саны 300-ге жуықтады. Әсіресе, ересектер арасында 73 келіде өнер көрсеткен Қобыланды Орынбасар ел рекордын жаңартты.

Түркістандық спортшы қос 32 келілік гір тасын 10 минутта 83 рет басынан асырды. Жастар арасындағы бәсекелестік те жоғары болды. Мысалы, 63 келіде солтүстік қазақстандық Иван Лысенко 24 келілік тасты 84 мәрте, 73 келідегі қостанайлық Александр Шпилевой 102 мәрте бағындырды.

Қос көрсеткіш те Қазақстанның жаңа рекорды саналады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасқаталып, алдағы Азия және Әлем чемпионаттарына дайындықты бастайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға