Жаңалықтар

Астанада футзалдан Еуропа чемпионаты өтуі мүмкін

Астанада футзалдан Еуропа чемпионаты өтуі мүмкін
Фото: ©Pixabay.com 21.06.2024 18:08 544

Қазақстан футбол федерациясы ҚР Футзал қауымдастығымен бірігіп 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару комитетінің отырысында қабылданады. Өтініш қабылданған жағдайда турнир Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы болады.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Айта кетейік, футзалдан биылғы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады. Біріншілік 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.

Чемпионаттың қазіргі жеңімпазы – Португалия құрамасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға