Елордалық құтқарушылар фитнес орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Сарайшық ауданының Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан 7 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында фитнес орталығының бу бөлмесінде өрт шықты.
Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген мәліметте.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысы ұлттық жоба аясында амбулатория ашылды