Астанада фитнес клубы өртенді

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
19.03.2024 11:21
672
Астанада фитнес клубтардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлауынша, 19 наурызда сағат 08:50-де елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі, 9-үй мекенжайына шықты.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесінің ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық келуші өз бетінше шықты, - делінген хабарламада.
Өрт сағат 09:26-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
