Жаңалықтар

Астанада этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтатын акция өтті

Астанада этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтатын акция өтті
Фото: instagram.com/akimat__astana 20.04.2025 19:29 112

Астанада түрлі этнос өкілдері арасында достық, сыйластық және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Пасха мерекесіне орай монастырь ғибадатханасының алдындағы алаңда ұйымдастырылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, салтанатты литургия мен крест жорығынан кейін ғибадатхана аумағында символдық тәттілер сыйға тартылды. Ал қонаққа келген өзге конфессиялардың өкілдеріне пасха жұмыртқалары сыйға берілді. Өз кезегінде қонақтар бауырсақ әкелді.

Акцияға қатысушылардың бірі Адия Ілияс былай  өз ойымен бөлісті.

Біз елорда тұрғындары бұл күні ғибадатханаға ұлттық тағамдарымызды таратуға, қаламыздың православ тұрғындарын құттықтауға және қолдауға келдік. Өйткені, сенім мен ұлтқа қарамастан бір-бірімізді қолдауымыз керек,-деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара  түрлі этнос өкілдері арасындағы үйлесімділіктің, бірлік пен өзара сыйластықтың ерекше үлгісіне айналды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға