Жаңалықтар

Астанада есірткі жарнамасы бар 800-ге жуық граффити өшірілді

Астанада есірткі жарнамасы бар 800-ге жуық граффити өшірілді
Фото: instagram.com/akimat__astana 22.09.2024 18:45 539

Бүгін елорда аумағындағы есірткіні жасыратын орындарға рейд өтті. Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция департаменті мен прокурорлар еріктілермен бірлесіп, қабырғаларға салынған граффити өшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бейбітжан Әріпжанов рейд барысында әрбір азаматтың құқығы қорғалуы тиіс екенін атап өтті.

Елорда аумағында есірткі заттарының таралуына қарсы күреске, салауатты өмір салтын насихаттауға, үйлердің қасбеттерінде тыйым салынған заттарды сату туралы жарнама мен есірткі граффитиін жоюға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ауқымды акция өткізілуде. Жыл басынан бері Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері есірткі жарнамасы бар 500-ге жуық граффити сырлады, — деді полиция подполковнигі Бейбітжан Әріпжанов.

Полиция подполковнигінің айтуынша, есірткі граффитиін қолдану - қылмыс жасағанмен тең. Граффити-жазуларды қалдырғандар және есірткі сату туралы мәліметтерді интернетте таратқандар үшін қылмыстың ауырлығына байланысты үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мұндай қылмысқа куә болған жағдайда «102» нөміріне хабарлау қажет. Осы ретте Бейбітжан Әріпжанов қала тұрғындары мен қонақтарын есірткі тарату проблемасына көз жұма қарамауға және есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Өйткені әрбір боялған QR-код немесе трафарет біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға