Астанада есірткі сақтаған жас жігіт оқушылардың көзінше сотталды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.04.2025 22:10
177
Астананың 21 жастағы тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталды: прокуратура оның қалай сотталғанын қаладағы мың оқушыға тікелей эфирде көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, бұл «Заң мен тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өткен сот болған. Бастаманы Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолға алған.
Бастаманың мақсаты - жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу, - деп хабарлаған Астананың прокуратурасы.
Осылайша, бұл сот процессін 25 мектепте оқитын мыңнан астам оқушы онлайн қарап отырған. Сот есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті оқушылардың көзінде 7 жылға соттаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Су тасқынынан 30 адам қаза тапты