Астанада есірткі сақтаған шетелдік азамат ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
04.12.2022 09:45
959
Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет: Бірқатар өңірде күн райы бұзылады
Келесі жаңалық
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды