Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіленді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
28.08.2023 16:24
995
Астана полицейлері ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі.
Пансионат пен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды