Жаңалықтар

Астанада ер адам жалға алған техниканы ломбардқа өткізіп жіберген

Астанада ер адам жалға алған техниканы ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 06.08.2024 11:09 578

Елорда полициясы жалға алған техниканы ломбардқа өткізіп жіберген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға арызданған жәбірленушіден жас жігіт ойын компьютерлерін жалға алып, өткізетін уақыты келгенде хабарсыз кеткен.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 20 жастағы күдіктіні анықтады. Ол техниканы жалға алып, келесі күні ломбардқа өткізгенін және алған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға