Астанада елорданың бас шыршасы жағылды
Бүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілген. Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.
ЭКСПО аумағында шыршаны жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.
Іс-шара қонақтарын «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.