Жаңалықтар

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 07.07.2023 19:00 1747

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жәрмеңке елорданың 25 жылдығына арналған Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 5-7 шілде аралығында өтті.

Жәрмеңкеде түрлі қолөнер бұйымдарынан бастап, азық-түлік пен жеміс-жидектің түрлері төмен бағада сатылды.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңке 6 түрлі алаңға бөлінген. Олар: Кілем базары, Жасыл базар, Тұмар базар, Зерген базар, Шығыс тәттілер базары және Тағам базары.

Жәрмеңкеден отандық, ұлттық нақыштағы қолөнерлерді, бұйымдарды, көрпе-төсектерді және түрлі зерлерлік заттарды көруге болады. Бағасы өте қолайлы.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Суретші Мұрат Ғизатов өзінің шәкірттерімен бірге салған суреттерін жәрмеңкеге әкеліп, сатылымға шығарған. Оның айтуынша, балалардың салған суретіне қызығушылық танытып жатқандардың қатары көп. Соған сәйкес бағасы да жоғары бағаланады. Орташа есеппен 40 мың мен 300 мың аралығында картина сатып алуға болады. Тіпті, қалаған суретті салып беруге тапсырыс қабылдайды екен.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкенін екінші бір бұрышынан жіптен, киізден және соған ұқсас мата түрлерінен жасалған суреттердің легін көруге болады. Қолдан жасалған өнім болғандықтан ол да арзанға түспейтіні белгілі. Дегенмен қолөнершілер халыққа тиімді бағада беруге дайын екендерін айтып жатты.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Аталған туындылардың барлығын Зергерлер және Кілем базары алаңдарынан кездестіруге болады.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеден жасы сексеннен асқан Сафура Сейтмағамбетова әжеміз де өзінің қолдан жасаған зерлерлік бұйымдары мен өзі тіккен ұлттық қамзолдарының үлгісімен таныстырды. Ол жәрмеңкеге бір жыл бойы дайындаған туындыларын әкелгенін айтты. Бағасын барынша төмен бағада беріп жатқанын да айтты.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Бүгін жәрмеңкенің үшінші күні. Келушілер қатары көп болғанымен сатып алушылардың қатары аз болып отыр. Сондықтан өзім жасаған бұйымдарды барынша қолайлы бағада сатып жатырмын, - деді Сафура Сейтмағамбетова әжей.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеден ұлттық киім мен ұлттық әшекей-бұйым таққан жастарды жиі кездестіруге болады.  

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеден ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылығын танытып жатқан шетелдіктердің де қатары көп. Мәселен, қазақтың рулары мен жүздері жазылған осындай тақтайшаларды жапондар мен қытай азаматтарының сатып алып жатқанын байқадық.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Сонымен қатар, жәрмеңкеде елімізде өндірілетін отандық өнімдерді де кездестіруге болады. Қолдан жасалған құрттар, ірімшіктер мен май және сыр, ет өнімдері мен бидай өнімдері жеткілікті.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Келушілердің көбісі жеміс-жидек пен азық-түлік өнімдерін сатып алуда.  Жәрмеңкеден өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін төмен бағада сатып алуға мүмкіндік бар.

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Астанада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңке алаңында тегін концерт өтуде, сондай-ақ ұлттық киім киген ұл-қыздармен келушілер суретке де түсіп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға