Жаңалықтар

Астанада еліміздің діни саласын реттеу бойынша семинар-кеңес өтті

Бұл туралы АҚДМ мәлім етті
Астанада еліміздің діни саласын реттеу бойынша семинар-кеңес өтті
Фото: gov.kz 15.02.2023 18:39 715

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен дін саласы бойынша арнайы семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Семинарға құқық қорғау органдарының өкілдері, дін істері басқармалары және дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.

Жиын барысында министр елдегі діни ахуалға, дін саласының маңызды мәселелеріне, қазіргі жағдайдағы сын-қатерлерге тоқталып, сала бойынша ауқымды міндеттердің шешу жолдарын атап өтті.

Іс-шарада еліміздің діни саласын реттеу бойынша жұмыстың үш негізгі бағыты әңгіме болды.

Олар: атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысы; интернет кеңістікте радикалды идеологияға қарсы тұру; деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен жандарды оңалту.

Өзара пікір алмасу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелері туралы айтып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша маңызды мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға