Жаңалықтар

Астанада еліміздегі алғашқы Ozon фулфилмент-орталығы ашылды

Астанада еліміздегі алғашқы Ozon фулфилмент-орталығы ашылды
Фото: gov.kz 15.03.2023 18:53 958

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында шағын және орта бизнес туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордамыздың экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайды. Қала тұрғындары мен қонақтары олардың қызметін күн сайын пайдаланады. Сол себепті біз кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жеке инвестициялар тарту, қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жақсарту бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Биыл 25 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мәселен бұл жобалардың арасында өнеркәсіп, логистика, медицина, білім беру, спорт, агроөнеркәсіптік кешен бар, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұл жобалар елорда экономикасына шамамен 87 млрд теңге жеке инвестиция тартуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Вице-премьер – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен бірге Ozon фулфилмент-орталығын аштық. Бұл – кәсіпкерлерге онлайн-бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беретін ірі логистикалық хаб. Онда 9 млн-ға дейін түрлі тауарларды сақтауға болады: азық-түлік, электроника, құрылыс материалдары және т.б. Аталған фулфилмент-орталық 40 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді, - деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ қалада жеке қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар), зауыттардың, логистикалық орталықтардың, өндірістік-тамақ кешенінің (нан зауыты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы) және т.б. құрылысы жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға