Жаңалықтар

Астанада екі жүзден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді

Астанада екі жүзден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігі 16.11.2024 17:25 382

"Отан қорғаушылар" монументінің жанында 68665 әскери бөлімінің жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарбаздарды Парламент Мәжілісінің депутаты, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жас жауынгерлердің туыстары мен достары құттықтауға келді.

Ант қабылдау рәсіміне дейін Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жас сарбаздарды "Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary" РҚБ басшысы Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады. Ол Қазақстан Республикасын қорғау – азаматтың қасиетті борышы мен міндеті екенін атап өтті.

Біздің әрқайсымыз - қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін елдің егемендігі мен тұтастығын қорғауға үнемі дайын болуымыз керек. Ата-бабаларымыздың батылдығы мен жанқиярлығы, рухы бәрімізге күш беріп, елдің тыныштығын қамтамасыз етудегі ортақ мақсатымызды есте сақтайық, – деді Б. Ертаев.

Сондай-ақ, сарбаздарды Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Болат Керімбек те құттықтады. 

Сіздер абыроймен қызмет етіп, туыстарыңыз бен жақындарыңыз мақтан ете алатындай берік, мықты болып үйге оралыңыздар. Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін, – деді депутат.

68665 әскери бөлімінің командирі полковник Абай Әлібеков атап өткендей, бір ай ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Олар бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысты, жарғыларды, әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, саптық және атыс дайындығының негіздерін зерделеді, алғашқы атыстарды орындады.

Қарағандыдан келген Жандос Оралов пен Жамбыл облысының тумасы Нұрдәулет Сұлтанғазы сарбаздары үшін ант қабылдау олардың 19 жасқа толған туған күндерімен сәйкес келді. Жастар бұл туған күнді өмір бойы есте сақтайтынын атап өтті.

Алаңда шараға қатысушылар әскери техниканың заманауи үлгілерімен танысты. 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оларға қоян-қолтық ұрысы мен қарумен дефиле элементтерін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға