Астанада екі бойжеткен парфюмерия дүкеніне ұрлыққа түскен

Астанада парфюмерия дүкенінен әтір ұрлаған қос бойжеткен бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының 18 жастағы және Павлодар облысының 17 жастағы тумасын анықтады.
Тергеу барысында жас қыздар сағат 09:40-та Мәңгілік Ел көшесіндегі косметика дүкенінде сөредегі тауарларды қарап жүріп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, 49 мың теңгеге 3 дана әйелдер парфюмін жасырын алып шығып, қашып кеткендігі анықталды, - деп хабарлады полиция басқармасы.
Ұрлық жасалған сәті бутиктің сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.
