Жаңалықтар

Астанада егізге жүкті әйелге алғаш рет жатырішілік ота жасалды

Астанада егізге жүкті әйелге алғаш рет жатырішілік ота жасалды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 14.12.2024 18:07 403

Астанада жүктіліктің алтыншы айында әйелге алғаш рет бірегей хирургиялық фето-фетальды трансфузиялық синдромын түзету жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фетальды хирургиясы елордадағы №2 көпсалалы ауруханасының базасында клиника мамандарының күшімен шетелдік мамандарды тартпай жүргізілді.

Фетальды хирургиясын енгізу акушерлік және перинаталдық медицинада жаңа көкжиектер ашады. Осы уақытқа дейін осындай көмекке мұқтаж жүкті әйелдер басқа елдердің мамандандырылған орталықтарына емделуге мәжбүр болды, бұл ретте көп шығындц, логистикалық қиындықтар мен тәуекелді қажет етті. Енді мұндай көмек елордада қолжетімді және жоғары кәсіби деңгейде көрсетіледі, - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Әкімдіктің мәліметінше, 41 жастағы жүкті әйел № 2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік бөліміне жүктіліктің асқынуымен және ұрыққа төнген жоғары қауіппен жатқызылған. Операцияға дайындық кезінде дәрігерлер диагностикалық алгоритмдерді белгілеп, көрсеткіштерді дәл бағалау үшін жағдай жасады. Бұл операция кезінде ана мен балаға қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді. Дайындық пен енгізудің барлық кезеңдері шетелдік сарапшылардың шақыруынсыз аурухана базасында өткізілді.

Барлық медицина қызметкеріне, дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Бәрі жақсы, тыныш өтті. Дәрігерлер өте мұқият болды, - деді жүкті Айнұр Кенжеева.

Жобаның сәтті аяқталуы аурухана ұжымының, профессорлардың және т. б. қатысуымен өтті.

Біздің клиникада жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жаңа түрі – фетальды хирургиясы енгізілуде. Елорда әкімдігінің белсенді қатысуының арқасында біз өз күшімізбен сәтті операция жасадық. Бүгінгі іс-шара медицинадағы ең күрделі сын-қатерлерді бірге жеңе алатынымызды көрсетеді, - деді аурухана директоры Нұрбол Тұрсынбаев.

Айта кетейік, фетальды хирургиясы - бұл ұрықтың даму кезеңінде де ауыр ақауларды диагностикалауға және емдеуге бағытталған медицинаның ерекше бөлімі. Осындай оталардың арқасында сіз баланың денсаулығы мен өмірін сақтай аласыз, босанудың асқыну қаупін азайтып, баланың ұзақ мерзімді болжамдарын едәуір жақсарта аласыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға