Жаңалықтар

Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады

Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады
Фото: Видеодан кадр 07.07.2024 00:05 659

Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды. Оны 100 мыңнан астам тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

6 шілдеде ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN»Жарық дрон-шоуы өтті.

Дрондар түнгі аспанда төмендегідей бейнелерді көрсетті:

Жер Планетасы;
Қазақстан картасы;
Шаңырақ;
Зымыран және Сатурн;
Бәйтерек;
«Таза Қазақстан»;
Қазақстан Туы;
Жүрек және Астана.

Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Бұл - дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді,-делінген әкімдік мәліметінде.

Айта кету керек, 100 мыңнан астам адам «Open Air» мерекелік концертіне және дрондар шоуына қатысты. Түрлі-түсті жарық шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Ашық аспан астындағы мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T ‘ OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетті.

Сонымен қатар 7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Мade in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын Домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға