Жаңалықтар

Астанада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында жиын өтті

Астанада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында жиын өтті
Фото: El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ 05.06.2024 12:51 415

Астанада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – діни сенім бостандығын қамтамасыз ету үшін зайырлы қағидаттарды нығайтуға ықпал ететін дін саласындағы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар халықты дін саласындағы заңнаманың негізгі құқық бұзушылықтары, олардың себептері мен алдын ала туралы ақпараттандыру мәселелерін талқылады.

Дін істер комитеті діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Бейімбет Манетов бұл өте өзекті тақырыптардың бірі екенін айтты.

Астанада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында жиын өттіEl.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Өйткені қоғамда дінге деген соның ішінде, діни мазмұндағы материалдарға қызығушылық бар. Осы орайда құқықтық сауаттылықтың, құқықтық мәдениеттің маңызы өте зор. Себебі діни материалды іздеген адам қай жерден оны алу керек, тәртібі қандай екенін білгісі келеді. Интернет кеңістігінде әртүрлі тақырып бар. Соның барлығынан адасып кетпес үшін заңнама талаптарын білу өте маңызды. Осы ретте діни бірлестік өкілдерінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олар өздерінің діни қызметтерінде жамағаттарына дін саласындағы заңнаманы толық түсіндіретін болса, мемлекеттік органдарға өте көп құрмет болушы еді, – дейді Бейімбет Манетов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің басшысы Марат Бектазиновтың айтуынша, бүгінгі дөңгелек үстел еліміздегі осы діни наным-сенім, құндылықтар мен қолданыстағы заңнамалардың орындалуына байланысты өтіп жатқанын тілге тиек етті.

Астанада «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында жиын өттіEl.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Бұл діни қауымдастық пен осы дін саласындағы қарым-қатынастарды реттеуші органның арасындағы өзара тығыз байланыстың тағы бір көрінісі болып табылады. Мұндай жиындар бізде жиі өтіп тұрады. Жалпы біздің дінімізде «ихсан» деген ең үлкен құндылық бар. Аллаға сенетін кез келген азамат қандайда бір заңнаманы бұзбауға әрекет етеді. Сол себепті әр мұсылманның жүрегінде осы сенім болу керек. Соны біз насихаттаймыз, – дейді Марат Бектазинов.

Сондай-ақ, спикер қоғамды қалыптастыруда, заңдылық пен құндылықтардың сақталуында осы діни қауымдастықтың рөлі өте зор екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы тезисті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Шара барысында кәмелетке толмағандардың ар-ождан мен діни сенім бостандығы құқықтарын сақтау мәселелері, оны іске асыру жолдары мен әдістері қозғалды. 

Жалпы, іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру және дін саласындағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға