Жаңалықтар

Астанада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді

Әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады
Астанада «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді
Фото: gov.kz 02.11.2022 09:03 1552

Астана қаласында 5 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің мақсаты – 8 салмақ дәрежесінде еліміздің ең үздік балуандарын анықтау.

Жыл басынан бері 5 рейтингтік жарыс өткен болатын. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша әр салмақтың ең жоғары ұпай жинаған 8 балуаны анықталды. Елорда төріндегі боз кілемде тек осы үздіктер ғана белдеседі.

Сөйтіп, турнир соңында тек 8 салмақтың жеңімпаздары ғана марапатталады. Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер «Дала қыраны» титулының иегері атанып, өз салмағының «Бас балуаны» атағына ие болады.

Сол сияқты әр салмақтың жеңімпаздары желтоқсан айында елордада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға