Жаңалықтар

Астанада Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

Астанада Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Фото: t.me/madenietaqparat 13.04.2025 00:12 302

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Петр Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналған «День ли царит» классикалық музыка кеші өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, музыкалық кеште «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Чайковскийдің шоқтығы биік романстары мен камералық шығармаларын орындады.

Кештің басты ерекшелігі – көрермен өнерпаздармен бірге сахнада отырды. Бұл тың формат көрермен мен орындаушы арасындағы шекараны жойып, ерекше әсер сыйлады.

Әртістер көрерменнің ыстық ықыласы бөленіп, зор қошеметімен аяқталды. Бұл – ұлы композитордың музыкасы әлі күнге дейін сезімдерді қозғап, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып қала беретіндігінің айқын дәлелі, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға