Жаңалықтар

Астанада cатып алу құқығымен 50 пәтер жалға беріледі

Астанада cатып алу құқығымен 50 пәтер жалға беріледі
Фото: gov.kz 22.02.2023 19:11 1493

Астана қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" мекемесі сатып алу құқығымен жалдамалы пәтерлерді алу бойынша қосымша байқау 27 ақпан – 3 наурыз аралығында өтетінін хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сарыарқа ауданының Көктал ықшамауданы, 12-95 көшесі, 12/1 үйде орналасқан жалдамалы пәтерлер саны – 50. Олардың жиырмасы – 1, жиырма екісі – 2, сегізі – 3 бөлмелі пәтерлер.  

Жалдамалы пәтерді алу үшін бастапқы жарна талап етілмейді, ал бір шаршы метрді жалдау құны – 1455 теңге. Пәтер 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. 

Өтінішті "Тұрғын үй қоры" КММ сайтында беруге болады. 

Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған келесі азаматтар қатыса алады:

  • Білім беру саласының;
  • Денсаулық сақтау саласының;
  • Мәдениет саласының;
  • Әлеуметтік қорғау саласының;
  • Полиция департаментінің;
  • Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға