Жаңалықтар

Астанада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті

Астанада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі 30.08.2024 19:14 643

Астанада Ботаникалық саябақта әуесқой желаяқтар бас қосты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің қатысушылардың арасында 18 жасқа дейінгілер 1 300 метр қашықтықты бағындырса, ересектер 4 шақырымды жүгіріп өтті.

Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан жүгіру іс-шарасында ешқандай жүлделі орын қарастырылмаған. Бірақ бұл спортты серік еткен жандарға тосқауыл емес. 13 шілдеде ғана қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға 700-дей қатысушы жиналып еді. Бүгін сол сәтті ескере отырып, лотерея билеттерін 1000-ға дейін арттырдық. 1300-дей адам тіркелді. Спортқа деген тұрғындардың ынтасы артып жатқаны өте қуанышты жайт. Алдағы уақытта тағы ұтыс билеттерін көбейтуге тырысамыз, - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.

Спорттық шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріліп, лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға