Астанада бос жұмыс орындарын табуға болатын Telegram-бот іске қосылды

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «JUMYS TAP» Telegram-боты (@jumystap_bot) іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Боттың тегін мүмкіндіктері бос жұмыс орнын немесе қызметкерлерді табуға көмектеседі. Тіркелу бар болғаны 1 минутты алады.
Жұмыс іздейтіндер үшін:
Бос жұмыс орнын іздеудің ыңғайлы мүмкіндігі;
Жаңа жұмыс орындары туралы автоматты хабарламалар.
Қызметкер іздейтіндер үшін:
Бос жұмыс орындары жайлы хабарламаларды орналастыру;
Түйіндемеден жауаптарды және байланыстарды делдалдарсыз алу;
Толық күндік жұмысқа, тапсырма бойынша жұмысқа және тағылымдамалар үшін қызметкерлерді іздеу.
Бот жұмысы бойынша толық мәліметті call-орталыққа хабарласып алуға болады: +7 (707) 221 31-31. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін.
