Жаңалықтар

Астанада биыл 15 мектеп ашу жоспарланып отыр

Астанада биыл 15 мектеп ашу жоспарланып отыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі 07.04.2025 02:14 461

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл қанша білім ордасы ашылатыны туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашамыз. Олардың жетеуі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. Қаланы аралау барысында бірқатар жайлы мектептің құрылысымен таныстым. Мәселен, бұл мектептер Құдайбердіұлы даңғылы мен Жансүгіров көшесінің, Төлебаев және Бурабай көшелерінің, Егемен Қазақстан мен Иманов көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Е17, Е26, Е796 және Е899 көшелерінде және т.б. мекенжайларда орналасқан. Білім мекемелерінің құрылысына жеке қаражат та тартылады.

Елордада биылғы оқу жылы ішінде рекордты көлемде мектептер салынды. Бас-аяғы 24 жаңа оқу орны ашылды. Бұл мектептер 66 мыңға жуық оқушы орнын (екі ауысымда) ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының 16-сы – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға