Жаңалықтар

Астанада бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтеді

Астанада бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтеді
18.06.2019 15:06 3054

19 маусымда сағат 15.00-де Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада (Достық көшесі, 11) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.


Отырысқа Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері, ҚХА мен Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері, өңірлердің ғылыми-сараптамалық топтарының басшылары, ЖОО ректорлары, Ассамблея кафедраларының меңгерушілері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысады.

Кеңес барысында ҚР Президенті жанындағы МБА этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы А. Сәдуақасованың «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі: даму үрдістері», «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Ш. Жақыпованың «Қазақстандық қоғамның этноәлеуметтік құрылымы туралы» баяндамалары тыңдалады.

Сондай-ақ, қазіргі кезеңдегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар мен сараптамалық пікір алмасулар өтеді деп күтілуде.

Ақпарат үшін:

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі (бұдан әрі – ҚХА ҒСК) Мемлекет басшысының ҚХА-ның XIV сессиясында берген тапсырмасы бойынша 2009 жылғы 28 қаңтарда құрылды.

ҚХА ҒСК құрамында 52 ғалым: оның ішінде 31 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, зерттеу институттарының басшылары және қоғам қайраткерлері бар.

ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ҚХА ҒСК-ның жұмыс атқару органы болып есептеледі.

Барлық өңірлерде ғылыми-сараптамалық топтар құрылды. ҚХА ҒСТ-ның ғылыми базасы – аймақтық ЖОО-лар. Қызметке барлығы 262 адам жұмылдырылды, оның ішінде ғылым докторлары – 57, ғылым кандидаттары – 117, PhD докторлары - 5.

Мақсат – тұрақтылық, этносаралық толеранттылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу.

ҚХА ҒСК Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында қабылданатын шешімдерге сараптамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, олардың хал-ахуалы мен қалыптасып отырған үрдістерін терең зерделеуді жүргізу, оларды одан әрі дамытудың ғылыми негізделген болжамдарын әзірлеу жөніндегі міндеттерді орындайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлеуметтік-демографиялық дамуды зерттеу орталығы

Орталық Мемлекет басшысының 2017 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасын орындау мақсатында құрылды.

Орталықтың миссиясы – әлеуметтік-демографиялық мәселелер саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен талдамалар жүргізу.

Орталық қызметінің бағыттары:

• демографиялық даму (елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдай, халықтың жас ерекшелігі және этникалық құрылымы, туу, өлім-жітім, көші-қон, халықтың қартаюы, демографиялық болжам және т. б.);

• әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық даму (өңірлік даму, адами капитал, әлеуметтік көңіл-күй, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас, неке және отбасы институтын дамыту, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық, жастардың бәсекеге қабілеттілігі).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға