Астанада бірінші ауысымның оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
22.01.2025 20:42
626
Ауа райының күрт суытуына байланыстсы Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ретте елорданың мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері ауа райына байланысты онлайн оқу форматына ауыстырылып отыр.
2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған қаланың білім басқармасы таратқан мәліметте.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді