Жаңалықтар

Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 21.03.2024 18:39 645

Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз мейрамы орталық саябақта алғаш рет тойланып жатыр. Мереке халықаралық деңгейде өтуде. Іс-шараға көрші елдердің аспаздарымен қатар Тәжікстан мен Иран елшіліктері де қатысты. Олар киіз үйлерін тігіп, онда өз мәдениеттерінде Наурыз мерекесінің тойлануының айырмашылықтары туралы әңгімелеп, дәстүрлі тағамдармен дәм таттырды.

Саябақтың аллеясында тазы мен батырлар шеруі өтіп, домбырашылар әйгілі халық әндерін орындап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шараға елордалық «Барыс» клубының хоккейшілері мен клубтың бойтұмары «Барсик» келді. Мұнда олар жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба беріп, естелік суретке түседі.

Орталық саябақта көктемнің басты мерекесі екі күн бойы тойланады. 22 наурыз күні де сағат 13:00-де концерттік бағдарлама өтіп, ұлттық тағамдар әзірленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға