Жаңалықтар

Астанада белгісіз ер адам әйелді дүкенде соққыға жықты

Астанада белгісіз ер адам әйелді дүкенде соққыға жықты
Фото: Видеодан кадр 11.07.2024 11:00 803

Астана полицейлері елордалық дүкендердің бірінде ер адам мен әйелдің төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Ол дүкенде баланы абайсызда қағып кетіп, артынша кешірім сұраған. Алайда, бала ұстаған ер адам оны балағаттап, боқтық сөздер айта бастаған.

Жазбадан ер адамның әйелді итеріп, оған физикалық күш қолданғанын көруге болады. Ер адам әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған.

Оқиғаға Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

Әдепсіз сөздер айтқаны үшін ер адам сот шешімен 5 тәулікке қамауға алынды. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында. 

Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мереке Жексибаева🫐ПИТАНИЕ ДЕТЕЙ🫐ДОКАЗАТЕЛЬНЫЙ НУТРИЦИОЛОГ (@pro_prikorm_kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға