Жаңалықтар

Астанада белгісіз біреулер Назарбаевтың портретін қоқыс контейнеріне іліп кеткен

Астанада белгісіз біреулер Назарбаевтың портретін қоқыс контейнеріне іліп кеткен
Фото: instagram.com/kris_p__astana 03.05.2024 11:36 1651

Астана тұрғыны қоқысқа арналған контейнерлердің үстінде ілініп тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Портретті шығарып тастаған адам оны қоқыс контейнеріне салғысы келмеген тәрізді, сондықтан оны сол жерге іліп қойған.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды, Астанада түсірілген деген болжам бар.

Айта кетейік, 2024 жылғы қаңтарда Назарбаевтың ескерткіші Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне қойылады деп айтылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_ASTANA | АСТАНА +21 🇰🇿🚔 (@kris_p__astana)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға