Астанада базар маңындағы сауда контейнері отқа оранды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
23.03.2024 18:46
650
Астанада базар аумағынан тыс жердегі сауда контейнері өртенді. Оқиға бүгін 23 наурыз сағат 15.01-де Байқоңыр ауданындағы Жолымбет көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 15.40-та жойылды. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамның 13 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды