Жаңалықтар

Астанада бәйге мен көкпардан жарыс өтіп жатыр

Астанада бәйге мен көкпардан жарыс өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі 12.10.2024 18:10 149

Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында Республика күні және ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлттық ат спорты фестивалі аясында бәйге мен көкпардан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11 қазан күні көкпармен басталған жарыста Солтүстік өңірден жиналған 7 команда топтық кезең арқылы жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды. Ал бүгінгі турнирдің қорытындысы бойынша, Қостанай облысы финалда Астана қаласын жеңіп, чемпион атанса, Қарағанды қаласының спортшылары Қарағанды облысынан басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаз – 5 млн, 2 - орынға – 3 млн, 3-орынға – 2 млн, 4-орынға – 800 мың, 5 пен 6-орындарға 600 мың теңге сыйақы табысталды.

Ал фестиваль аясында 12 қазан күні бәйге түрлерінен сайыстар өтеді. Яғни құнан бәйге, жорға жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барша жерлестеріміздің назарын аударып, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртуға, қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Енді қалыптасқан жолды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Осы орайда заманауи «Қазанат» ипподромында 2 күн бойы көкпар мен бәйге түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Көкпардан жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге, бәйге түрлеріндегі жалпы жүлде қоры – 20 млн теңгені құрады», - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы, Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Қаналимов.

Көкпар бәсекесінен кейін, ипподромға жиналған көрермен жорға жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйгеден жеңімпаздарды анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға