Астанада барлық бағыттағы республикалық жолдар жабылды

Астанада барлық бағыт бойынша республикалық тасжолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін бас қалады қарлы боран соғып тұр. Қазгидромет мәліметінше, көктайғақ болып, ауа температурасы 5-7 аязға дейін төмендейді.
Қазіргі уақытта жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты барлық алты бағыт бойынша көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс жабық. Астана - Қостанай тас жолы Қажымұқан кентіне дейін ғана ашық, - делінген Астана қалалық ТЖД таратқан мәліметте.
Ал 112 желісіне жолдағы келеңсіздіктерге байланысты әртүрлі сипаттағы 3000-нан астам қоңырау түскен.
Қалалық ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала сыртына барудан бас тарту, сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
