Астанада балалар арасында қызылша ауруы кеңінен тарап жатыр

Астана қаласының мемлекеттік санитария қызметінің мәліметіне сенсек, 511 адамнан қызылша табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 408 науқас — 14 жасқа дейінгі балалар, 17,4 пайызы — ересектер, 14 адам — 15-19 жастағы жасөспірімдер. Қызылшамен ауырғандардың тек 4,5 % — екпе алғандар, қалғаны – бас тартқан.
Ұлттық профилактикалық күнтізбеге сәйкес қызылшаға қарсы екпе егу жылына 2 рет жүргізіледі. Науқан 1-6 жастағы балалар арасында өтеді. Қызылша жұқпалы ауру болғандықтан, ұжымда, мектепте, мектепке дейінгі ұйымдар мен ЖОО-да вакцина алмағандар арасында тез таралуы мүмкін», — деді Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
