Жаңалықтар

Астанада балабақшаларда орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алынған

Астанада балабақшаларда орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алынған
Фото: pixabay.com 03.09.2024 17:42 428

Прокуратура жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Астанадағы мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған. Жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары болған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, кейбір балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Бұған қоса құрамында сынабы бар шамдар дұрыс сақталмаған әрі жойылмаған.

Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданып, кінәлілер жауапқа тартылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға