Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі бүлдіршінді өлтірген

Фото: Астана қалалық прокуратурасы
Фото: Астана қалалық прокуратурасы
22.09.2023 11:42
1170
Қайғылы оқиға былтыр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық прокуратура мәліметінше, бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, салдарынан ол қайтыс болды.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді, - делінген мәліметте.
Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екібастұз жастары «JASTARx» сараптамалық алаңында ой бөлісті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді