Астанада Қазақстан мен Германияның сарапшылары агросекторда өзара әрекеттесу мәселелерін талқылауда

Астанада «Германия және Қазақстан: тұрақты ауыл шаруашылығын құрудағы серіктестер» тақырыбында конференция өтуде.
Оның ұйымдастырушысы - Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдігі Германия Федеративтік Республикасының Елшілігімен ынтымақтастықта және біздің серіктес ұйымдар.
Конференция аясында Германия мен Қазақстанның сарапшылары келесі тақырыптар бойынша панельдік пікірталастармен баяндамалар жасайды: аграрлық сектордағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру; тұрақты ауыл шаруашылығы, нақты егіншілік және цифрландыру; мал шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру, логистика және өнім өткізу; ғылыми зерттеулер және кәсіптік оқыту.
Семинардың мақсаты Германия мен Қазақстан арасында тәжірибе алмасу арқылы Қазақстанның тұрақты ауыл шаруашылығын құруға үлес қосу болып табылады.
конференцияның Online трансляциясы - ҚХА (Facebook) ресми парақшасында
