Жаңалықтар

Астанада әйеліне ренжіп, ғимараттың төбесіне шыққан ер адам қамауға алынды

Астанада әйеліне ренжіп, ғимараттың төбесіне шыққан ер адам қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 12.01.2025 12:27 152

Астанада әйеліне ренжісіп, кейін көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан 36 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға ер адамның әйелімен болған жанжалынан кейін болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға