Жаңалықтар

Астанада әйелдер арасында гандболдан ел чемпионаты өтті

Астанада әйелдер арасында гандболдан ел чемпионаты өтті
Фото: Астана әкімдігі 13.06.2024 02:14 557

Астанада әйелдер командалары арасындағы гандболдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Елорданың «Аспан» спорт клубында аталған супер лиганың 32-ші чемпионаты ұйымдастырылды. Бұған дейін өзара сайысқа түскен 7 команданың ішінен ең мықты 4 команда іріктеліп шығып, финалда күш сынасты. Ал ойынға ұлттық санаттағы спорт төрешілері қазылық етті.

Әйелдер командасына 16-дан 49-ға дейінгі спортшылар қатыса алады. Биылғы жарыстың ерекшелігі осы спорт түріне жастар көбірек қосылып жатыр. Алдыңғы чемпионаттарда көбіне 20-дан асқан қыздар болатын. Біз астаналық спорт мектептеріндегі секциялардағы жоғары лигадағы қыздарды іріктеп, супер лигаға ерте жастан бастап алып жатырмыз. Жалпы, гандболға қыздар 9 жасынан бастап қатыса береді, - дейді «Гандбол» Астана клубының директоры Мира Қалабай.

Сондай-ақ, оның айтуынша, астаналық гандболшылар арасында өзге қаладан келген легионерлер жоқ, тек қана қалалық спорт мектептерінен өсіп шыққан спортшы қыздардан құралған.

Ал финалда Қызылорда, Астана, Өскемен, Шымкент командалары өзара жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде қызылордалық гандболшылар 1-орынды, астаналық спортшылар 2-орынды жеңіп алды. Өскемен командасы 3-орынды, Шымкент командасы 4-орынды иеленді. Сонымен қатар, олардың арасындағы мықты ойыншылар да анықталды.

Айта кетейік, гандбол – Олимпиадалық ойын түрі. Спорт клубы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 2028 жылғы лецензияны алуға күш салып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға