Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Астана қалалық әкімдігі
Фото: Астана қалалық әкімдігі
20.02.2025 16:27
458
Елордада 22 және 23 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 22 және 23 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған
Келесі жаңалық
Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңнан асты