Жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 03.06.2024 17:14 502

Елордада дәстүр бойынша қала және облыстардың тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайы бойынша ашылған жәрмеңкеге Ақмола, Түркістан облыстары мен Абай облысының Ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлер қатысып жатыр.

Астана қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маманы Нұрдәулет Қосманның айтуынша, кәсіпкерлер көкөніс, жеміс-жидек, сүт, азық-түлік және ет өнімдерін қоса алғанда, тауарлардың алуан түрін ұсынды.

Қала тұрғындары әлі жаңа мекенжайға үйренбегеніне қарамастан, жәрмеңкеге біртіндеп келіп, күнделікті қолданатын тағамдарын сатып алып жатыр.

Әдетте мұндай жәрмеңкелер орталыққа жақын ашылатын. Қазір біздің ауданнан ұйымдастырылып, табиғи таза өнімдерді жақын жерден сатып алу мүмкіндігі туып тұр. Қиярдың келісі 450 теңге, қызанақ 500 теңгеден екен, біздегі әлеуметтік базарлардың өзінде бұдан қымбаттау. Қаймақ және шұжықтары да сондай төмен бағада, өзім сол өнімдерді үйде көп пайдаланатын болғандықтан, арзан бағамен көптеу етіп алдым. Біртіндеп бұл жерге бәрі үйренісіп кетер деген ойдамын, - дейді қала тұрғыны Майгүл Жансейітова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға