Жаңалықтар

Астанада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған жәрмеңке өтеді

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Астанада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған жәрмеңке өтеді
Фото: gov.kz 18.11.2022 14:10 2448

Алдағы демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге тауар өндірушілер қатысады. Олар бірқатар тауар түрін ұсынады: ет және шұжық өнімдерінің түр-түрі, ұн және макарон өнімдері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрі: көкөністер, нан, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және тағы басқалар.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтеді. Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Ал өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ға төмен сатылады. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді азық-түлік себетін жинауға мүмкіндік беру.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға